Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Биыл Жамбыл облысынан солтүстік өңірге 130 отбасы қоныс аударды

Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сурет : пресс-служба10 Қыркүйек 2019, 11:54

Бүгінгі таңда елімізде ішкі көші-қон үдерісін дамыту мақсатында мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп келеді.

Әлеуметтің әлеуетін арттыру да ел экономикасын ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастырылып отыр. Мұнымен қоса, елімізде жұмыссыздық мәселесін шешу, жастарды өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамту мемлекет қолға алған мәселенің бірі. Бұл ретте елімізде "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарлама еліміздегі көптеген азаматқа септігін тигізіп, оларды тұрақты жұмыспен қамтуда белсенділік танытты.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еліміздің оңтүстік облыстарындағы бірқатар отбасы солтүстік аймаққа бет түзеп, сонда қоныстана бастады. Теріскейге қарай қоныс аударған отбасылардың қатарында жамбылдықтар да бар. Осыдан біраз жылдар бұрын қабылданған "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасында жұмыс күші тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасыларды көшіру жайлы нақты айтылған болатын. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша, солтүстік өңірлерге 130 отбасы, яғни 392 адам қоныс аударған. Бұл биылғы мәлімет. Оның ішінде Павлодар облысына 20 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына 31 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 43 отбасы және Қостанай облысына 36 отбасы қоныстанған. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасының "Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" бағыты бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында аталған бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

- Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 4,8 пайызды, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады", - дейді Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

Жалпы тұрғындарды оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге көшіру еліміздегі еңбек ресурсын реттеуге және жұмыспен қамту бойынша тепе-теңдікті сақтауға соны серпін беріп отыр. Бүгінде ішкі көші-қон саласы жұмысының нәтижесінде әлеуметтік қорғаудың әлеуеті артуда. Алайда қазақтың қай қиыры да бабалардың арманы мен мақсат-мұратын арқалаған киелі аймақ. Ең бастысы, еліміздің дамуына ниетті әрі еңбек етуге құштар талай жасқа бұл бағдарламаның берері көп. Тек, теріскейге табан аударуға ниетті жандарға "Көш көлікті, іс өнікті болсын!" - дейік.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер