Жаңалықтар тізбегі
0

Адам басына миллион - Нұрымбетов БЖЗҚ жинағы туралы

Shutterstoc, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 19:25 Shutterstoc
Қазір БЖЗҚ-да шамамен 10 триллион теңге жатыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бұл мәселе жайында қоғамда көптен айтылып келеді, халық зейнетақы жинақтарын зейнет жасына жетпей жатып-ақ пайдаланғанды қалайтыны белгілі. Бұл түсінікті, сондықтан мен мұны Президенттің жауабы деп санаймын. Ол үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін тетіктер әзірлеуді тапсырды. Халықтың қалауы бар, сондықтан осындай тапсырма берілді, - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, бүгінде БЖЗҚ-да шамамен 10 триллион теңге бар. Оны 10 миллиондай адам жинады.

- Орташа есеппен алғанда бір адамға 1 миллионнан келеді. Әрине, бұл жағдайда барлық тәуекелдерді есептеу керек. Өйткені зейнетақы жинағы ең алдымен адамның қартайғандағы болашағына арналған қор болып табылады. Сондықтан ол ақшаны бүгін алып алып, зейнет жасына ештеңе қалдырмау дұрыс емес. Түрлі ұсыныстар бар, біз қазір есеп-қисаптар жүргіземіз, - деді министр.

Ал баспанасы жоқ және оны сатып алу мүмкіндігі жоқ адамдардың көп жағдайда зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болып келетіні туралы сұраққа жауап бере отырып, Нұрымбетов былай деді:

- Әрине. Мәселен, қазір ақшаны шешіп алу үшін қордағы жинағының жеткіліксіздігі жайында сұрақ туындайды. Өмірінің соңына дейін құрығанда ең төменгі мөлшерде ақша алып отыруы үшін ер адамдарға шамамен 11 миллион және әйелдер үшін 13 миллион теңгесі болуы тиіс деген жеткіліктілік тұжырымдамасы бар. Бірақ екінші жағынан, бұл жағдайда зейнетақы қорындағы ақшасын тек табысы жоғары адамдар ғана алып, пайдалана алады. Ал менің ойымша, бұл ең алдымен табысы төмен адамдарға қатысты болуы керек. Біз әлі де түрлі нұсқаларды қарастырамыз, - деп қорытындылады спикер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: