Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Айына – 12 мың теңге. 29 жасқа дейінгілерге жалға пәтер беріледі

Ақысын төлеп тұратын жалдамалы баспана ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі.

Сурет : Факти ICTV10 Қыркүйек 2019, 17:43

29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы пәтерді ұсыну тәртібі өз күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы баспана Тұрғын үй-коммуналдық қорынан жалдап тұруы үшін ҚР азаматтарына ұсынылады.

Ақысын төлеп тұратын жалдамалы баспана ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі.

Мұндай пәтерді алатын азаматтар балдық жүйеге сәйкес таңдалады. Ол сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміндегі біріне ие болса, оған қосымша 10 балл, отбасы болғаны үшін 5 балл, әр баласы үшін бір-бірден балл, одан соң жеке бизнесі болса, 5 балл қосымша алады. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы негізде балл қойып, оны есептеп, сол бойынша жалдамалы пәтерден үміткер бола алатын азаматтардың тізімін жасайды.

Ең біріншіден кезекте жалдамалы баспана жас отбасыларға (29 жасқа дейінгі), одан соң нарықтағы сұранысқа ие 100 мамандықтың бірінің иесіне, жас кәсіпкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне беріледі.

Өтінішпен бірге ұсынылуы қажет құжаттар тізімі: жеке куәліктің көшірмесі, білімі туралы құжат, неке куәлігі (егер бар болса), балалардың туу туралы куәлігі (болған жағдайда).

Сондай-ақ өтініш берушінің өзінің және отбасы мүшелері атына ешқандай жылжымайтын мүлік тіркелмегені жөнінде анықтама, жұмыс орнынан анықтама, айлық табыстары 40 АЕК-тен (шамамен 100 мың теңгеден) аспайтынын растайтын соңғы 6 айдағы кірісі туралы анықтама, еңбек өтілі туралы құжаттар, банктік шотты және шоттағы ақша қалдығы туралы есеп, жеке жетістіктері туралы құжаттар (болған жағдайда) да қажет.

Пәтерді ай сайынғы жалға алу құны 10-12 мың теңгені құрайды. Оған қоса жастар 5 жылдан соң жалдамалы баспананы босатуы тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер