Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мал ұрлығы жеке баппен Қылмыстық кодекске енуі мүмкін

Заң жобасына сәйкес, тараптардың татуласуы алып тасталады.

Сурет : inbusiness.kz11 Қыркүйек 2019, 14:51

Қазақстанның Қылмыстық кодексінде мал ұрлығына қатысты жеке бап пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қолданыстағы заң жобасына мал ұрлығына қатысты жеке бап енгізілмек. Үй-жайларға, қоймаларға немесе көлік құралдарына қол сұғу арқылы жасалған ұрлық, тонау үшін жауапкершілік күшейтіледі. Мұндай қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жататын болады, - деді Ахметжанов.

Ол бұған дейін ұрлықпен ұсталғандардың тараптардың татуласуына байланысты жауапкершіліктен жиі құтылып кететінін еске салды.

- Бұрын бұл қылмыстар орташа ауырлық дәрежесінде болып, татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік беретін. Енді олар қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салынған ауыр қылмыстар санатына енеді. Яғни, бірнеше рет ұрлық жасау ауыр қылмыстар санатына еніп, ол бойынша татуласуға жол берілмейді, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Ұрлықты орташа дәрежеден ауыр қылмыс санатына ауыстыру – қылмыскерлердің келтірілген зиянның орнын толтырып, татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына мүмкіндік берілмейді.

- Нөлдік төзімділік қағидатын күшейту үшін орташа ауыр қылмыстар үшін де екінші рет қайта татуласуға тыйым салынады, - деді Марат Ахметжанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер