Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Бір еркек қолын созбады...". Маржан Арапбаева өзінің неден қорланатынын айтты

Биік өкше, байқамаса өте қауіпті екенін айтқан әнші екіқабат кезінде басынан өткен ыңғайсыз бір оқиғаны да айтып берді.

Сурет : Инстаграм11 Қыркүйек 2019, 15:05

Белгілі әнші Маржан Арапбаева бойының кішкентай болуынан қатты қымсынып-қымтырылатынын ашық мойындады. Сол үшін ол үнемі аса биік өкшелі аяқ-киімдер киеді екен. Оның кей кездері өміріне қауіп төндіретін тұстары да болыпты. Сондай оқиғаның бірін ол "Қарақатпен шай" бағдарламасына берген сұқбатында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бізде тым биік өкшелі аяқ-киім сатыла бермейді, негізі. Арнайы тіктіртіп, тапсырыс бермесеңіз. Бір күні қарасам, Мәдина Сәдуақасова өте биік өкшелі туфли киіп алыпты, байқап қойдым. Содан оған: "Қайдан алдың, маған да айтшы" деп жабыса кеттім. Айтты. Сол араға барып, бірнешеуін сатып алдым. Қазіргі аяғымдағының биіктігі - 20 см. Негізі, 23 см дейінгіні қорықпай кие беремін. Одан да биіктері болады, мысалы - 25 см. Енді ол өте ыңғайсыз", - дейді әнші бойының кішкентайлығын осылай жасыруға тырысатынын мойындап.

Биік өкше, байқамаса өте қауіпті екенін айтқан әнші екіқабат кезінде басынан өткен ыңғайсыз бір оқиғаны да айтып берді.

"Үшіншіме екіқабатпын. Ішім едеуір шығып қалған. Тойда ән айтып тұрғанмын ғой. Бір бала жүгіріп жүрген алдында қасымда. Сөйтсем сол бала аяғыммен менің көйлегімнің етегін іліп кетті. Содан қолымда микрофонды ұстаған күйі шалқамнан құладым. Басыма келген бірінші ой: "Ойбай, балама не болды, бірдеме болып қалмады ма" деп есеңгіреп жерде шалқасынан жатырмын.

Қаншама адам жүр ана жерде. Сонда бір еркек қолын созбады ғой маған. Бір уақытта қазақтың кесек денелі бір тәтесі мені көтеріп, лып еткізіп орныма қайта қоя салды. Айналама қарасам, ойпырмай-ай деймін, арасында мазақтап күліп тұрғандар да бар аналардың. Қайтемін енді: "Осы үлкен сахнада құлап қалып жататын әнші-актрисаларды көріп жатушы едім, ойпырмай маған да бұл күн туар ма деп қауіптенуші едім, міне бүгін сіздер менің сондай жағдайға тап болған кезімнің куәсі болдыңыздар" деп қалжыңдап, ақырын кете бардым", - дейді ол.

Бақытқа орай, іштегі балаға дәнеме болмапты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер