Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында "Парасатты полицейлер" жұмысқа кірісті

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2019 22:58 Алматы облыстық ПД
Ақтауда өткен республикалық "Парасатты полицей" байқауында Алматы облысының "Жетісу арландары" тобы бас жүлде иеленген болатын.

Маңғыстау облысында 5-6 қыркүйекте өткен республикалық байқауда бас жүлде иеленген Алматы облысы Полиция департаментінің "Жетісу арландары" командасы өз міндеттерін атқаруға кірісті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Жетісуға зор абыроймен оралған қызметкерлерді жеке құрам алдында қабылдаған облыстың бас полицейі Мұрат Ұрұмханов өзінің және жеке құрам атынан құттықтап, алғыс хаттар мен Полиция департаментінің сағатын табыстады және сыйақы тағайындады.

Полиция генералы өз сөзінде дайындық жұмысына жетекшілік еткен Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасовтың, команда капитаны Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері полиция майоры Қуаныш Ахметбековтің және топ мүшелері Қапшағай полициясының аға жедел уәкілі полиция капитаны Балғын Қариеваның, кинологиялық қызмет орталығының кіші инспекторы полиция сержанты Валентин Кузьмуктың, Қарасай ауданы полициясының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдуманап Мыңбаевтың және учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ернар Оңғарбаевтың, сондай-ақ баспасөз қызметінің бас маманы Серік Үпиевтің жұмысын ерекше атап өтті.

"Конкурс өте жоғары деңгейде өтті. Тіл тазалығын және оның дамуын насихаттайтын, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған байқаудың берері көп. Еліміздегі ең мықты топтар арасынан командамыздың бас жүлде иеленгеніне қуаныштымыз. Департаментте қызметкерлеріміздің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан, жеңісті күндеріміз әлі де көп болады деп сенемін", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

"Еңбегіміз бен жеңісімізді жоғары бағалаған департаменттің және аудандық полицияның басшылығына алғысымыз шексіз. Бүгін біз генералдың құрметіне ие болып, ризашылығын алдық. Бұл қатарымыздағы жас қызметкерлерге шабыт берері анық. Ел игілігі үшін және полицейлер абыройын арттыруға барлық күш-жігерімді арнауға дайынмын. Енді "парасатты полицей" атына кір келтірмес үшін барымды саламын", - деді Қарасай ауданы полициясының учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Ернар Оңғарбаев.

"Генералдың қолынан сағат тағу - кез-келген полицейдің арманы. Енді осы сағатқа қарап, әрбір минут-секундты өзімнің қызметтік міндеттерімді жоғары деңгейде атқаруға арнаймын", - деп атап өтті үздік полицей атанған Қаскелең қаласының учаскелік полиция инспекторы Е.Оңғарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5-6 қыркүйекте Ақтау қаласында өткен республикалық "Парасатты полицей" байқауында өзге өңірлер мен ІІМ қарасты оқу орындарының командалары арасында Алматы облысының "Жетісу арландары" тобы бас жүлде иеленгені туралы ақпарат тараған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2019 22:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: