"Бет жоқ менде...". Сахнада әбден құтырған әнші енді ұялып отыр

Ашық дерек көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2019 16:20 Ашық дерек көздерден алынды
Ақыры әнші ұяла-ұяла Инстаграм парақшасында самаралықтардан, жалпы өзінің жанкүйерлерінен осы қылығы үшін кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.

Ресейдің танымал әншісі Дима Билан жақында Самара қаласына гастрольдеп барғанда ішіп алып, сахнаға шығып, қисалаңдап нешетүрлі ерсі қылық танытқан. Осылай есіріп, жергілікті халықтың ашу-ызасына әбден тиген әнші ертеңінде оңбай өкінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақыры ол ұяла-ұяла Инстаграм парақшасында самаралықтардан, жалпы өзінің жанкүйерлерінен осы қылығы үшін кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.

"Масқара болдым! Бет жоқ менде. Күні кеше Самараға гастрольге барғанбыз. Сахна сыртында көптен көрмеген таныстырамды кездестіріп қалдым. Коньяк іштік. Артық ішіп қойыппын, мас болдым, мойындаймын. Негізі, мен қатты ішетін адам емеспін. Салауатты салтты ұстанамын. Тіпті, дәрігер тіркеуінде де тұрмын. Ішкі-құрылысым бойынша. Маған негізі ішімдік ішуге болмайды. Диета да ұстаймын. Бірақ көптеген көрмеген адам болған соң көңілдерін қимадым.

Барлықтарыңыздан осы үшін кешірім сұраймын. Жақында тағы Самараға барамын. Тегін, сапалы деңгейде концерт өткіземін деп уәде беремін. Сол кезде тағы көзбе-көз кешірім сұраймын өздеріңізден. Самара қаласының әкімшілігімен қазір байланысқа шығып жатырмын. Балалар алаңын сыйласам ба деймін. Балаларға ол артық болмайды деп ойлаймын. Сол секілді балалар ауруханасына да құрал-жабдық сатып алып берсем бе деймін. Бұл менің айыбымның жуғаным болсын!" дейді бет-аузы ісіп кеткен Билан видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#самара #билан #димабилан

Публикация от Dima Bilan (@bilanofficial)

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: