"Іс қозғадық...". Полиция Жанар Хамитованың қайтыс болғанын растады
Инстаграм
Анықталуы тиіс сараптамалар тағайындалып, белгіленді.
SuperStar.kz финалисті Жанар Хамитованың өлімі бойынша полиция іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 1-бөлімі, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қолға алынды. Анықталуы тиісті сараптамалар тағайындалып, белгіленді, - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып Жанар Хамитовамен соңғы рет дуэт құрған әнші Әбубәкір Ужасов көпке жеткізген еді. Бұл туралы 31 телеарнаның жүргізушісі Анна Данченко да бүгін желіде жазба жариялады.
Жазбаларда әншінің туған өлкесі - Қарқаралы қаласында таңертең 30-ға қараған шағында көз жұмғаны хабарланған.
Оқи отырыңыз: Әнші Жанар Хамитова көз жұмды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript