Жаңалықтар тізбегі
0

Австриялықтар қазақ отбасы үшін митингіге шықты

tips.at, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 20:36 tips.at
Тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрия билігі баспана беруден бас тартты. Бас тарту себептері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің аты-жөні туралы айтылмайды.

Австрияның Нидервальдкирхен атты шағын қаласының тұрғындары қазақстандық отбасын депортациялауға қарсы шығып, митинг ұйымдастырды. Бұл туралы Курсив автриялық басылым - meinbezirk.at-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік басылым Қазақстаннан келген отбасының қалада 2015 жылдан бері тұратынын, олардың 8 және 10 жастағы екі баласы барын жазады. Қала тұрғындарының айтуынша, отбасы неміс тілін үйреніп, жергілікті қауымдастыққа жақсы сіңісіп кеткен. Алайда тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрия билігі баспана беруден бас тартты. Бас тарту себептері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің аты-жөні туралы айтылмайды.

- Олар әртүрлі фестивальдарға қатысып, көшет отырғызу секілді қоғамдық қызметке жақсы араласады. Көп уақыт бойына олар біздің жанымызда жүріп, өз отбасымыздай болып кетті, әрине қапалымыз, оларды қайта Отанына жер аударудың себебін де түсіне алмай отырмыз, - деді жергілікті тұрғын Мариан Хорецедер.

Ал Австрияға бас сауғалап барған Қазақстан азаматтары бұл әрекетін былай түсіндіреді:

"2013 жылы 2 және 4 жасында балаларымызды ұрлап, бізді бопсалаған. Содан кейін біз кетіп қалдық ол жақтан. Сондай шешім шығардық".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: