Жаңалықтар тізбегі
0

№4 аурухана дәрігерлері Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң қамалды

112.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 18:14 112.ua
2019 жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Күдебаев жол-көлік апатына ұшырап, №4 ауруханаға жеткізіліп, сонда ота жасалды.

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қамауға алынған Алматыдағы №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевты жақтап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігер Алматы полиция департаменті бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін қысымға тап болды. Осы іс бойынша сол ауруханадағы анестезиолог Асқар Тұңғышбаев та қамауға алынды.

Қамауға алынған дәрігердің әйелі Президентке ашық хат жазды. Дина Тезекбаеваның айтуынша, 2019 жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Күдебаев жол-көлік апатына ұшырап, №4 ауруханаға жеткізіліп, сонда ота жасалды. Кейінірек Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. "Германияда Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болғаннан кейін, операциядан кейін 26 күн өткен соң, біздің отағамыз себебі түсіндірілместен №4 аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылып, кепілдікпен босап шығу құқығынсыз қамауға алынды", - деді Дина Тезекбаева.

- №4 ауруханада Нұрсұлтан Күдебаевтың жауырыны мен бұғанасына жасалған ота кезінде Қанат Марденұлы екі көмекшінің бірі болды және ота жасаған дәрігермен, тағы бір көмекшімен, анестезиолог-дәрігер және медбикемен бірге бір палатада болған және операцияның нәтижелеріне тікелей жауап бермейді.

Бас дәрігердің жұбайы тергеу Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болуына дәрігердің кәсіби салғырттығы әкеп соққанына дәлелдер ұсынылған жоқ, деп санайды. "Тіпті науқастың жүрегінің тоқтауына жауырыны мен бұғанасына жасалған отаның салдары себеп болғанына тікелей дәлел жоқ", - дейді Дина Тезекбаева.

Әйел Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұсталған дәрігердің ісін бақылауға алуын сұрайды.

"Біз сондай-ақ ашық және әділ тергеу мен сот жүргізуді сұраймыз. Павлодар облысының ауруханаларында, Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық жедел жәрдем орталығында және Алматы қаласының №4 қалалық ауруханасында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Қанат Марденұлы көптеген адамдардың өмірін құтқарған. Бұған дейін кісінің қайтыс болуына байланысты айытпалған емес. Біз Күдебаевтар отбасының қайғысымен бөлісіп, шын жүректен көңіл айтамыз. Алайда оның өліміне қатысы жоқ және қатысы болуы мүмкін емес дәрігерді қудалау және заңсыз қамауы – бізді Тезекбаев Қанат Марденұлының негізгі азаматтық құқықтарын қорғауды сұрауға мәжбүр етіп отыр", - делінген хатта.

Дәл қазір Тезекбаевтың әріптестері оны кепілдікпен босатуды сұрап отыр. Дәрігер Қайрат Смағұлов тіпті Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекке хат жазды.

"Бүкіл өмірі адамдардың денсаулығы үшін күнделікті жұмыс істеуден тұратын дәрігер қоғамға қауіп төндіре ме? Мұндай жағдайда адамды тергеу изоляторына қамаудың қажеті бар ма? Біз оның ақталып шығатынына күмәнданбаймыз. Бірақ екі ай қамауда отырған хирург одан кейін күрделі операцияларды жасай ала ма, - дейді Смағұлов.

Ол Байбектен Тезекбаевты кепілдікпен босатуға көмектесуін өтінді.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Кудебаев 2019 жылы тамыз айының аяғында қайтыс болды. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. Нұрсұлтан Күдебаевтың артында үш баласы қалды.

Оқи отырыңыз: Үкіметке өкпелеген Абылай деген дәрігер желіде мұңын шақты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: