ФИФА басшысы Криштиану Роналдуға ренжіп қалды

Ал Мессиді салтанатты шарада марапаттап жатқанда, Криштиану Роналду түк болмағандай үйінде қаперсіз кітап оқып отырған.
Ювентустың шабуылшысы Криштиану Роналду The Best FIFA Football Awards 2019 салтанатты іс-шарасына қатыспай, ФИФА басшысын ашуландырып алды, деп хабарлайды Zakon.kz Prosports.kz-ге сілтеме жасап.
Ал бұл іс-шарада "Жылдың ең үздік футболшысы" анықталып, марапатталған. Биыл ең үздік футболшы деп аргентиналық Лионель Месси танылды. Ал Мессиді салтанатты шарада марапаттап жатқанда, Криштиану Роналду түк болмағандай үйінде қаперсіз кітап оқып отырған. Иә, ол тура осы сәтте Instagram желісіндегі парақшасында кітап оқып отырған суретін жариялапты.
Мұның бәрі ФИФА басшысы Джанни Инфантиноның қытығына тиіп, ашуын туғызған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript