Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы: Біз бір-бірімізді тартып тұрамыз

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 17:51 Ақорда
Мысалы, Қазақстан Президенті – Тоқаевты алайық. Бір адамдар болады, бір-бірін тартып тұратын. Міне, сол секілді біздің арамызда сондай керемет қарым-қатынас бар, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, - деді Александр Лукашенко.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко украиналық БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұқбат берді. Өз сұқбатында Лукашенко Қазақстанмен, соның ішінде жаңа Президент Қасым-Жомартпен Тоқаевпен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сұқбат Беларусь Республикасы Президентінің сайтында жарияланды.

- Мен билік басында жаңадан келген адамдармен жиі келіссөздер жүргіземін. Мысалы, Қазақстан Президенті – Тоқаевты алайық. Бір адамдар болады, бір-бірін тартып тұратын. Міне, сол секілді біздің арамызда да сондай керемет қарым-қатынас бар, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол өте білімді адам, өз кезінде қытай тілін жетік меңгеріп алған. Мен оны ерекше құрметтеймін, бірақ алдыңғы - Қазақстанның Тұңғыш Президентімен де осылай өте жақсы қарым-қатынастамыз, - деді Александр Лукашенко.

Ол Қазақстанның қазіргі басшысына риясыз сеніп, барлығын ашық сөйлесе беретінін айтады.

- Ол менің сөздерімді басқа біреуге басқаша жеткізіп жүрмейді. Сіздің президентіңіз де (Зеленский) сондай адам деп ойлаймын. Мен кез келген тақырыпты ашық талқылауға дайынмын, айтылмай, жеткізілмей қалған деген сөз болмайды, әрине мұны сіздің президентіңіз қажет деп тауып жатса, - деді Лукашенко.

Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен де жақын қарым-қатыста екенін айтты.

- Мен оған бәрін айта беремін: жеке басымнан бастап мемлекеттік мәселелерге дейін. Ол не ойлайды, мені дұрыс түсінбей қалмай ма демеймін, кез-келген уақытта ашығын айта беремін, - деп толықтырды өз сөзін Беларусь елінің басшысы.

- Порошенкомен, тіпті жақын болдық. Бір кездесуде 10 рет ұрсысып, 10 рет тіл табысатынбыз. Мен бірнәрсе десем, ол қолын бір сілтейді...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: