Паттай жағажайында қазақстандық әйел өлі табылды

Чайёт Пупаттанапонг Чайёт Пупаттанапонг
Әйел адам суға тұншығып, көз жұмған секілді.

78 жастағы Қазақстан азаматы Тайландтың Паттай қаласы маңындағы жағажайдың бірінен өлі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz bangkokpost-қа сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бейсенбі күні таңертең Джомтьен жағажайында бір әйелдің өлі денесі табылған.

Паттай полициясы мен құтқарушылары шамамен күндізгі 11 кезінде жағажайдан өлі адам табылғаны туралы ақпарат келіп түскеннен кейін ғана оқиға орнына асыға жеткен. Дәрігерлер шалажансар денені айналшықтап, қанша күш жұмса да оны аман алып қала алмады.

Полициядағылар ол әйелдің күйеуімен Тайландқа демалуға келгенін айтады. Болжам бойынша, әйел күйеуі ұйықтап жатқанда таңертең суға түсуге шығып кеткен. Кейін күйеуі оны іздеп жағажайға келгенде әйелінің мерт болғанын білді. Соған қарағанда әйел адам суға тұншығып, көз жұмған секілді.

Полициядағылар әйел адамның неден көз жұмғанын арнайы тексеру анықтайтынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз