Жаңалықтар тізбегі
0

Эстония жүргізушілерге ақша орнына уақыт айыппұлын енгізді

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 16:51 kolesa.kz
Жылдамдықты асырған жүргізушілерге не ақшалай айыппұл, не біраз уақыт жол жиегінде тоқтап тұрып, өзінің осы қылығы туралы ойлану ұсынылады.

Эстонияда жолда жылдамдықты асыратын жүргізушілер енді ақшалай айыппұл төлегісі келмеген жағдайда бір сағат тоқтап тұрумен құтыла алады.

Postimees басылымы жазғандай, жылдамдықты асыратын жүргізушілерге жиі жазылып берілетін хаттамалар жергілікті жүргізушілерге әсер етпейтін болған, деп хабарлайды kolesa.kz.

"Әсіресе жылдамдықты бақылайтын камералардан келетін айыппұлдарды халық ай сайын төлейтін үйреншікті шығыны ретінде қарастыратын болып алды", – дейді Полиция департаментінің Инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Элари Каземетс.

400 жүргізушімен сауалнама жүргізілгеннен кейін эстондықтардың айыппұл орнына біраз уақыт жол жиегінде тоқтатып қою жазасы әділеттірек болатыны анықталды. Өйткені жалдамдықты асыратын жүргізушілер іс жүзінде өздерін тәртіпті жүргізуші санайды екен.

Енді солай жасап қойды: жылдамдықты сағатына 20 шақырымға дейін арттырғандар 45 минут демала тұруы тиіс, ал 21-ден 40 шақырымға дейін – 60 минут. Ал одан асып түскендерге полиция ақшалай айыппұл салады. Ең минималды тоқтап тұру уақыты 45 минут, өйткені айып уақыты одан аз болса, жүргізуші жоғатқан уақытының есесін қайтару үшін жылдамдықты одан сайын арттыруы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: