Жаңалықтар тізбегі
0

Рудныйда бір бастық пара ретінде құны 10,4 млн теңгелік көлік алды

nissan.ufik.co, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 17:55 nissan.ufik.co
Қостанай облысының мемлекеттік құрылыс мекемелерінің бірқатар басшылары пара алды деген күдікке ілінді.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Рудный және Арқалық қалаларында құрылыс бөлімдерінің басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" ММ басшысы "Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру" нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қабылдағаны үшін ЖШС өкілінен құны 10,4 млн. теңге болатын 2019 жылғы "Nissan Qashqai" автокөлігі түрінде пара алды деп күдіктеледі.

Сонымен қатар, "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты "Восточный кентінің су құбыры желілерінің құрылысы" нысаны бойынша 145 млн.теңге сомасында орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген ЖШС өкілінен 250 мың теңге сомасында пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған лауазымды тұлғалар ҚІЖК 128-б. тәртібінде ұсталып, Қостанай қ. ПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға пара берді деген күдікпен ЖШС өкіліне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: