Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қызылордада мас жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатты

Тексеру барысында Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Сурет : Көліктегі ПД баспасөз қызметі3 Қазан 2019, 12:00

Көлік полицейлері жыл басынан бері темір жолда белгіленбеген жерлерде өткені үшін 20 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері темір жол бойында адамдар мен үй жануарларының болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежеуінің алдын алу мақсатында халықпен 572 кездесу және 968 кешенді рейдтік іс-шаралар өткізді", - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.

Ж.Байкеновтың айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері теміржол төсемінің белгіленбеген жерлерінен өткені үшін 20 072 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы уақыт ішінде поездардың 1723 шұғыл тежеу фактісі тіркелді, оның ішінде 479-ы адамдардың, 1172-сі малдың болуына байланысты. Сондай-ақ, темір жолдарға бөгде заттарды қою бойынша 572 факті тіркелген.

Мәселен, Қызылорда станциясының Желілік полиция бөліміне "Қызылорда–Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар пойызының тепловоз машинисі адам соғудың алдын алу мақсатында жедел тежеуді қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол жүріп бара жатқан пойыздың алдына шығып, оны тоқтатпақ болған.

Медициналық куәландыру нәтижесі құқықбұзушының орта дәрежелі мас күйде болғандығын растады.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-тармағы, яғни, белгіленбеген жерлерде темір жол арқылы өту және 440 баптың 1-тармағы, яғни, қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде оған 5 АЕК ( 12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жоғарыда көрсетілген поездың тоқтау уақыты 2 минутқа созылды.

Көлік полицейлері темір жол көлігі нысандарында қауіпсіздік ережелерін сақтау және темір жолдан тек арнайы белгіленген жерлерден ғана өту қажеттігін тағы да еске салады. Әсіресе, ата-аналар мен балалар темір жол - аса қауіпті аймақ екендігін естен шығармаулары тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер