Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада "Үздік педагог-2019" атағын алғандар марапатталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 16:54 Хабар 24
"Үздік педагог – 2019" атағы 48 ұстазға табыс етілді.

Елордада ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, мұғалімдер және білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысып, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және "Үздік педагог" белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен "Қазақстан мұғалімі" сыйлықақысы берілді. Аталған сыйлықақы Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер мырзаға табысталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс "Әлем мұғалімі – 2020" халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

"Үздік педагог – 2019" атағы 48 ұстазға табыс етілді. Республикалық конкурс жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: