Есеп беріп тұрған дат елінің үкімет басшысы қарқылдап күліп жіберді

Комсомольская правда, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 16:36 Комсомольская правда
Ол депутаттар алдында үкіметтің цирк жануарларын сатып алуы туралы есебін оқыған.

Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен парламент депутаттары алдына шығып, сөйлеп, елді күлкіге қарық қылды. Ол үкіметтің цирк жануарларын сатып алуы туралы есебін оқыған.

Фредериксен мемлекеттің төрт піл сатып алғанын айтты. Алайда, бір қыз пілдің жұп жазбай үнемі бірге жүретін түйе досы бар екен. Сондықтан үкімет төрт пілге қосып, түйені де сатып алуға мәжбүр болыпты.

Осы араға келгенде саясаткер күлкісін жия алмай қарқылдап күліп жіберді. Залдағылар да ду күліп, арқасын бір кеңге салды. Бірақ өз-өзіне келген депутаттар бірнеше минуттан кейін қайтадан күн тәртібіндегі мәселені талқылауға кірісті.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: