Төсектегі екі еркектің атақты видеосын полиция тексеруде
vistanews.ru
Видеоны Whatsapp арқылы таратқан гаджеттің ip-адресін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Әкетай өзі туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша полицияға арыз түсірген. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.
- Қылмыстық іс аясында габитоскопиялық (фото-портрет арқылы бет-әлпеттерді салыстыру), денені зерттеу (денедегі тыртықтар және басқа да ерекше белгілер бойынша) сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен сауналарда тексеру жұмыстары жүргізілді, бұл өңірде ондай үй-жай табылмады, деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ, видеоны Whatsapp арқылы таратқан гаджеттің ip-адресін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript