Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев халықтың жаппай Нұр-Сұлтанға көшуін тоқтату керек деді

Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2019 21:36 Берік Уәли
Нұр-Сұлтан тұрғындары санының тиісті бақылаусыз жыл сайын көбейе беретіні қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына салмақ салады.

Ішкі миграциялық үрдістерді қадағалауды күшейту қажет, бұлай жалғаса бергені болмайды, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Халықтың жыл сайынғы өсуі, ішкі көші-қон процестерін тиісті бақылаудың болмауы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, ең алдымен медицина мен білім саласына түсетін салмақты арттырады. Бізге ішкі көші-қон процестерін бақылауды күшейту керек. Бұлай жалғаса бергені болмайды, - деді Тоқаев.

- Әрине, қуанып жатамыз, қаламызда халық саны миллионға жетті деп жар саламыз, бірақ әбрір қаланың жаңа тұрғындарын немен, қалай қамтамасыз етеміз дегенді ойламаймыз. Оларды қамтамасыз ету керек. Бұл біздің міндетіміз. Біз бүкіл ел бойынша көші-қон үрдісінің жөнсіз кетуіне жол бере алмаймыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қалалардың көшіп келген жаңа тұрғындарын қамтамасыз ету – әкімдік пен құқық қорғау органдарының міндеті.

- Еліміздің басқа аймақтарынан көшіп келіп жатқан әлеуметтік осал топтардың өкілдері мұнда келіп тіркеліп, баспана кезегінде тұр. Бұл кезек санын көбейтеді. Оның ішінде балабақшалар мен мектептерде. Не болып жатыр қазір? Жойқын әлеуметтік шиеленіс болып тұр. Білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығы мәселесі әлі шешілген жоқ, - деп қорытындылады Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: