Жаңалықтар тізбегі
0

Ислам Әбішев - бос шығынға жол бермейтін басшы болған

yk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2019 14:03 yk.kz
Түркістандық депутаттар "Әбішев денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген кезде қылмысқа барды дегенге сенбейміз" дейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің басындағы жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркістан облысының әрбір аудандық мәслихат депутаттарының қолы қойылған үндеу жолданды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің басындағы жағдайдан Сіз хабардар боларсыз деген ойдамыз. Ол өзі туып-өскен өлкеде жас кезінен қай қызметте жүрсе де тек жақсы жағынан көрінді. Сол замандағы жастар ұйымының аудандық комитетін басқарды. Кеңшар директоры ретінде ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түсті. Кәсіпкерлікпен айналысқанда өндіріс ошақтарын іске қоса алды, жаңа кәсіпорындар ашты. Бұндай маманның аудан әкімдігіне шақырылуы да заңды құбылыс еді. Ордабасы ауданының тұрғындары оның еңбегін бірауыздан "оған дейін де, одан кейін де бізде Әбішевтей әкім болған емес" деп жоғары бағалады. Бұдан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары болып істеген он жылдай уақытта да соңынан ешқандай жаман сөз ертпеді, әрқашан қарапайымдылығымен ерекшеленді. Оның іскерлігі әсіресе 2008 жылғы Сарыағаш ауданындағы су тасқыны кезінде ерекше байқалды. Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған аз уақытта И.Әбішев қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, қаланың "құрметті азаматы" атанды.

Су ресурстары комитетінің төрағасы ретінде И.Әбішев көрші елдермен арадағы ағын су мәселесінің шешілуіне, тасқыннын алдын алатын әрі резерв рөлін атқаратын Көксарай су реттегішінің салынуына үлкен үлес қосып қана қойған жоқ, 2013, 2018 жылдары 1,3 трлн теңгеге жуық қаржының артық жобаланғанын дәлелдеп, бос шығынға жол бермеді.

Құрметті Президент мырза!

Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейтіндіктен, И.Әбішевтің те жаңылыс басқан қадамы болуы сөзсіз. Бірақ, өзі ел қазынасын үнемдеп жүрген адам, оның үстіне денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген кезде қылмысқа барды дегенге сенбейміз. Адал азаматқа кезінде Елбасы араша түскен болатын. Біз бұл жолы еліміздің Президенті ретінде Сіздің де әділеттіліктің үстемдік құруына көмектесуіңізді сұраймыз.

ҚР Түркістан облысы:

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары,

Жетісай аудандық мәслихатының депутаттары,

Түркістан аудандық мәслихатының депутаттары,

Шардара аудандық мәслихатының депутаттары,

Арыс аудандық мәслихатының депутаттары,

Ордабасы аудандық мәслихатының депутаттары қол қойған үндеулер әр аудан атынан Президент атына жеке жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: