Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда ағайынды жігіттер анасының көз алдында мерт болды

Зейнеткер Павлодар облысында тас жолда үш адамды қағып кетті.

Сурет : ktk.kz10 Қазан 2019, 09:14

Павлодар-Қызылорда тас жолының жиегінде екі туған ағайынды әкесімен бірге мәшиненің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Сол сәтте оларды Ленинский ауылының тұрғыны көлігімен қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ағайынды Бауыржан мен Ерлан оқиға орнында жан тапсырған, ал олардың әкелері бірнеше ай бойы ауруханада қимыл-қозғалыссыз жатыр. Жантүршігерлік апат 33 жастағы Бауыржан мен 27 жастағы Ерланның аналарының көз алдында болған.

Қайғылы оқиға осы жылдың шілдесінде болды. Зардап шеккендердің бірі - Қызылжар ауылының 63 жастағы тұрғыны ұзақ уақыттан бері екі ұлының өлімі туралы білмеген. Туыстары ақсақалдың қорқынышты жаңалықты көтере алмайтынынан қорқып, айтпай келіпті.

Павлодардың №2 қалалық соты аталған қылмыстық істі қарауды бастады. Айыптау қорытындысын оқу барысында прокурор Әлімжан Шүкенов шетелдік көліктің 74 жастағы жүргізушісі жылдамдықты едәуір асырғанын және соқтығысуды болдырмауға болатындығын атап өтті.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, бірақ моральдық және материалдық залалды өтеу туралы 25 миллион теңге көлеміндегі талап арызбен келіспеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер