Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейліктер қазақтың "Рухани жаңғыруы" туралы не біледі

365info.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 15:06 365info.kz
Мәдени диалог тұрғысынан Ресей өз мүмкіндігін барынша пайдаланып отыр.

Қазақстан мен Ресейдің арасында мәдени диалог нендей дүниелер дәнекер болады? Мәдени әріптестікті жаңа деңгейге шығарудың жолдары бар ма? "Еуразия әлемі" пікірсайыс клубында бас қосқан саясаттанушылар, мәдени сала мамандары және журналистер қауымы осы тақырыпта талқыға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан мен Ресейдің мәдени әріптестік контексіндегі болмысына баға беру" тақырып аясында өткен шараның шымылдығын "Стратегия" орталығының президенті Гүлмира Илеуова ашты.

Оның айтуынша мәдени әріптестік тең дәрежеде болғаны жөн.

"Менің білуімше біздің кітап нарығы толықтай орыстілді. Кітаптардың бәрі дерлігі Ресейден келеді. Бұл біздің идеологиялық ұстанымға сай ма? Айталық қазақстандық авторлардың кітаптары Ресей нарығында қаншалықты сұранысқа ие? Мәдени әріптестік туралы айтқанда оның бірдей деңгейде дамуына назар аудару қажет" деді ол.

Ал әл-Фараби атындағы ҚазНУ жанындағы ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйла Ахметованың айтуынша Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мәдени байланыстарды мінсіз деп айта алмаймыз.

"Мәдени диалог тұрғысынан Ресей Қазақстанды толық танымайды. Осы отыз жылда Қазақстанның қаншалықты өзгергенінен ресейліктердің басым көпшілігі хабарсыз. Осының салдарынан Ресей Қазақстанның мәдени саладағы кейбір бастамаларын құп көрмеуде. Айталық, қазақ тілін латынға көшкенде Мәскеудегі зиялы деген тұлғалардың өзі бұдан саяси астар іздеп, одақтасының бұл бастамасын сынап тастады. Бұл Ресейдің Қазақстан қоғамындағы ахуалдан, демографиялық өзгерістерден хабарсыз жатқанын көрсетіп отыр", – дейді ол.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше мәдени диалогты күшейту үшін Ресей мәдениетінің Қазақстандағы (немесе керісінше) секілді жобаларды қайта қолған алған жөн.

Өз кезегінде саясаттанушы Айгүл Омарова: "Мәдени әріптестік ең алдымен шекаралық аймақтарда жолға қойылып, дамуы қажет. Шекаралық аймақтағы мәдени әріптестікті дамытсақ бұл өз кезегінде туризм саласынд дамытуға да септігін тигізер еді. Шекаралық аймақтарда туристер көрсетер көрікті жерлеріміз көп-ақ. Айталық мәдени диалог аясында неліктен ресейлік туристерге Бурабайға., Бұқтырма су қоймасына келуге жағдай жасамасқа. Ресейлік туристер бұл жерлерге онсыз да көп келеді. Алайда қызмет көрсету саласына келгенде Қазақстанға көңілі толмай қайтатыны жасырын емес. Әрбірден соң мәдениет дегеніміз тікелей туризммен сабақтасып жатыр. Ал туризм дегеніміз жөні дұрыс дәретхана, жібі түзу қонақүйлер мен туристік қас-қабағын бағып тұратын кәсіби даяшылар", – деді.

Саясаттанушы Андрей Чеботаревтің айтуынша мәдени диалог тұрғысынан Ресей өз мүмкіндігін барынша пайдаланып отыр. Ресейлік кино, бағдарламалар, әдебиет, шоу бизнес жұлдыздары Қазақстанды жатырқамайды.

"Алайда Қазақстанның мәдени кеңісігі Ресейге кіре алмай отырғаны жасырын емес. Айталық, ресейліктер біздің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жайлы біле ме? Ашығын айту керек Қазақстанда мұндай бағдарламалар барынан көршіміздің тұрғындары хабарсыз" дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: