Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстандық қыз Кореяда өткен K-pop фестивальге қатысты

Фестивальге қатысу үшін жерлесіміз үш іріктеу кезеңінен өтті.

Сурет : Хабар 2414 Қазан 2019, 10:29

Қазақстандық өнерпаз корей музыкасының дүниежүзілік фестивалінде өнер көрсетті. Еліміздің атынан сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алена Тё қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Алена Чангвондағы стадионда 15 мың көрерменнің алдында арнайы қойылым көрсетті. Фестивальге қатысу үшін жерлесіміз үш іріктеу кезеңінен өтті. Жарысқа жолдама алу үшін 84 елдің өкілдері бақ сынады.

Алена Тё он үш жасынан бастап корей тілі мен мәдениетін үйренуде. Оның айтуынша, Кей-поп жанрының арқасында ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылып келеді.

Алена Тё, дүниежүзілік корей музыка фестиваліне қатысушы:

- Мен Чонха әншінің "12 сағат" деген әнін таңдадым. Өзім жақсы өнер көрсеттім деген ойдамын. Өкінішке орай, жүлде ала алмадым. Бірақ осы сайысқа қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер