Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин Парламентаралық одақ төрағасымен келіссөздер жүргізді

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 17:14 Ж.Құспанов
Парламентаралық одақтың құрамына қазіргі уақытта 179 ұлттық парламент пен бірқатар халықаралық парламентаралық бірлестіктер кіреді.

14 қазанда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, сондай-ақ болашақтағы бірлескен іс-шаралар жоспары туралы талқылады.

Сонымен бірге, Нұрлан Нигматулин мен Габриэла Куэвас Баррон халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықтың қажетті элементі ретінде парламенттік құрамның маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы мен ПАО басшысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Спикерлерінің 4-ші кеңесінің нәтижелерін жоғары бағалап, Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысында Халықаралық құқықты нығайту: парламенттің рөлі мен тетіктері, және аймақтық ынтымақтастықтың үлесі тақырыбында талқыланып жатқан мәселелер қатысушылардың еркін пікір алмасып, өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісуге және саяси диалогты дамытуға ықпал ететін тетіктерді құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Биыл 130 жылдық мерейтойын атап өткен Парламентаралық одақтың құрамына қазіргі уақытта 179 ұлттық парламент пен бірқатар халықаралық парламентаралық бірлестіктер кіреді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 17:14

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: