Елбасы Жапония императорына көңіл айтып, жеделхат жолдады

Ақорда Ақорда
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін

Елбасы Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.

12 қазанда Жапонияның көп бөлігінде дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауды. Салдарынан 39 адам көз жұмып, 200-ге жуық адам зардап шекті. Тайфунды "Хагибис" деп атады және оны метеорологтар 1958 жылғы "Каногава" алапат тайфунымен салыстырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз