Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Түркияға қарсы санкциялар енгізді

deadline.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 15:25 deadline.com
Санкциялар Түркияның қорғаныс және энергетика министрліктеріне, сондай-ақ аталған ведомстволардың басшыларына қарсы енгізілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы жағдайға байланысты Түркияға қарсы санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Майк Помпео мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мемлекеттік департамент басшысының мәлімдемесіне сай, бұл жарлық Түркияны Сириядағы операцияны тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында жарияланды.

- Бұл қаулы қаржы министрлігі мен мемлекеттік департаментке Түркия үкіметімен байланысы бар және Сирияның солтүстік-шығысында бейбітшілік пен тұрақтылықтың шырқын бұзу әрекеттеріне қатысатын ұйымдар мен жеке тұлғаларға санкция қарастыру және енгізуіне өкілеттік береді, - делінеді Помпеоның жазбаша мәлімдемесінде.

АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, санкциялар Түркияның қорғаныс және энергетика министрліктеріне, сондай-ақ осы екі ведомство басшылары Хулуси Акар мен Фатих Донмезге қарсы енгізілді. Сонымен қатар, биліктегі ​​Әділеттік және даму партиясы төрағасының орынбасары Сүлейман Сойлу да қара тізімге енгізілді.

Бұған дейін Трамп Түркияға қарсы санкция қолданатынын айтып, Анкараға сес көрсеткен. Ол аздай, АҚШ президенті түріктің теміріне тарифтерді 50% -ға дейін көтермек. АҚШ сауда департаментінің бастамасымен Анкарамен жасалмақ болған жүз миллиард долларлық келісімшарттар бойынша келіссөздер де тоқтатылады.

Түркияның Сириядағы әскери операциясы

Түркия президенті Тайып Ердоған 9 қазанда Сирияның солтүстігінде Күрдістан жұмысшылар партиясы мен "Ислам мемлекеті" террористік тобына қарсы әскери операция басталғанын жариялады. Сенбі күні түрік әскері мен Сирияның қарулы оппозициясы Рас әл-Айнды басып алды, жексенбіде Телль-Абъядты бақылауына алды.

Сонымен қатар, Сирияның солтүстік-шығысындағы автономды аймақ әкімшілігі Дамаскпен Түркиямен арадағы шекара бойына түрік күштерінің шабуылдарын тойтару үшін әскери орналастыру туралы келісті.

* Террористік ұйымға Қазақстанда тыйым салынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: