Жаңалықтар тізбегі
0

"Шай дегені жай, кофе десе қыз". Алматыда кәрістер "демалатын" караоке табылды

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 19:32 Алматы ПД баспасөз қызметі
Бұл жер Алматыға әйгілі болып кеткен "шай-кофе" әдісімен жұмыс істеген. Клиент "шай" десе, жезөкше-қыздар клиенттің жанында жай ғана көңілін көтеріп отырады.

Алматыда полиция жеңгетайлық пен жезөкшелер қызметін ұсынатын жабық түрдегі караокені әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Караоке-притон каладағы бизнес-орталықтардың бірінің 10-ша қабатында орналасыпты. Сау ете қалған полиция қызметкерлері "жұмыс орнынан" 14 жезөкше қыз бен Оңтүстік Корея азаматы болып табылатын 3 клиенттің үстінен түсті.

- Бұл жер "шай-кофе" әдісімен жұмыс істеген. Клиент "шай" десе, жезөкше-қыздар клиенттің жанында жай ғана көңілін көтеріп отырады. Клиент "кофе" десе – қыздар клиентімен бірге ары қарай кетеді. Бұл жердің клиенттері негізінен Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары. Ұсталған 14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы болып шықты, біреуі Ресей төлқұжатымен жүр, қалғандары – қазақстандық қыздар. Сол жерде осы караокенің 1985 жылы туған М. есімді администраторы табылды, ол жезөкшелікпен айналысқаны үшін бұрын сотталған азаматша. Аталған дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 450 бабына сәйкес іс қозғалды. Караоке-бардың иесіне қатысты тиісті шаралар қолданылады, - деді Алматы ПД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 19:32

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 19:32

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 19:32

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: