Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда Сергей Безруков сотталды

Бірнеше рет істі болған 44 жастағы Безруков өз кінәсін толықтай мойындады.

Сурет : filmpro.ru15 Қазан 2019, 15:16

Алматыда ресейлік танымал актердің аттасы - Сергей Безруковқа үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, бұрын да істі болған 44 жастағы Безруков ұрлық жасады деп айыпталған. Ол бір ретінде 150 000 теңге тұратын көлік доңғалақтарын ұрлап ұсталса, екіншісінде бір үйдің жертөлесіне жасырын кіріп, дәнекерлеуші аппарат, құрал-сайман жабдығы, монтаж жасайтын құрал, бұрғылағыш, электр ара, электрлі шүріп бұрағыш, ток жалғағыш сынды саймандарды ұрлап әкеткен. Жалпы шығын көлемі - 197 500 теңге.

Ресейлік актердің аттасы өз кінәсін толықтай мойындады. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның іс-әрекеттері рецидив деп танылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер