Жаңалықтар тізбегі
0

"Қытайдан қашқан" екі қазақтың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды

Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 14:43 Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL)
Тергеу Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1 бөлігі, яғни "Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту" бабы бойынша жүріп жатыр.

ҰҚК шекара қызметі "қазақ-қытай шекарасын кесіп өтіп, Қазақстанға келген" Шыңжаң қазақтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының үстінен сотқа дейін тергеу бастады, деп жазады Азаттық ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің хабарлауынша, Әлімұлы мен Мұсаханұлының үстінен сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1 бөлігі, яғни "Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту" бабы бойынша жүріп жатыр.

ҰҚК Мұсаханұлы жылқы ұрлығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен қашып, 2006 жылы 21 маусымда қазақ-қытай шекарасын бұзғанын мәлімдеді. "Сол кезде ол Қытайға қайтарылған" деп мәлімдеді шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметі Әлімұлы мен Мұсаханұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу халықаралық құқықтар мен Қазақстан заңына сай жүріп жатқанын хабарлады.

30 жастағы Қастер Мұсаханұлы мен 25 жастағы Мұрагер Әлімұлы Дөрбілжің аймағынан жолға шығып, 1 қазанда Қытай шекарасынан өткендерін айтқан. Өздерінің айтуына қарағанда, қазақ-қытай шекарасы аралығындағы бейтарап аумақта бес күндей жүріп, қазанның 6-сы күні Шығыс Қазақсан облысының Зайсан, Шілікті, Маңырақ ауылдарының тұсынан Қазақстанға өткен. Кейін жолай такси жалдап, 10 қазанда қазанда Алматыға "келген".

14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы лагерьде қамауда отырып шыққанын, ал Мұрагер Әлімұлы сол жақта қысым көргенін айтқан. Баспасөз мәслихатынан кейін оларды шекара қызметінің өкілдері алып кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: