Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ресейде полиция қызметкерлері жұмыстан жаппай кетіп жатыр

Ресейде тәртіп сақшылары бұл жүйеде жұмыс істегісі келмейді, оның үстіне полиция қызметкерлерінің зейнетке шығатын жасы да ұлғайтылмақ көрінеді.

Сурет : newizv.ru16 Қазан 2019, 10:52

РФ Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы 2012 жылдан бастап рекордтық деңгейде қысқарған. Бұл туралы Ресейдің Ішкі істер министрлігінің 2018 жылға арналған "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимыл" мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы есебінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кадрлар деңгейі 92,6 пайызды құрап, жоспарланған 95 пайызға жетпей қалған. Есеп палатасының қорытындысы бойынша, қызметкерлердің көпшілігі еңбек өтілі аяқталғаннан кейін зейнетке кеткен. Осы тармақ бойынша жұмыстан босатылғандар санының көбеюіне байланысты РФ Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайтқалы жатыр.

Осыны естіген зейнет жасында болса да құқық құрылымында жұмыс істеп жүрген офицерлер жаппай жұмыстан кете бастаған.

Мәскеудегі аймақаралық полиция кәсіподағының және Росгвардияның төрағасы Михаил Пашкин Ішкі істер министрлігі ақпарат насихатын дұрыс жүргізбегендіктен полиция қызметкерлері зейнеткерлік жастың көтерілуінен қорқып, жаппай кетіп жатыр деп түсіндірді.

Алайда, оның айтуынша, бұл арада басты себеп ол емес. Ол тәртіп сақшыларының бұл жүйеде жұмыс істегісі келмейтінін айтады. Өйткені Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері кез-келген уақытта жұмысқа шақырылады, демалысқа уақтылы босатылмайды, сұранса мүлде жіберілмейді, сонымен қатар олардың шетелге шығуына тыйым салынады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер