Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанда ЭҚҰ әдісімен алғаш дүниеге келген қыз өзі босанып, ана атанды

Алғаш рет Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен 1996 жылы Алматы қаласында қыз бала дүниеге келді.

Сурет : psychologies.ru16 Қазан 2019, 11:36

Осыдан 24 жыл бұрын экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қыз 15 қазан күні табиғи жолмен дүниеге сәби әкелді, деп хабарлайды Хабар 24.

"Мен 1996 жылы ана болу мүмкіндігінен айырылған науқасқа ұзақ уақыт бойы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасын жүргіздім. Алғаш рет сәтсіз орындалды, одан соң бір айдан кейін екінші рет жасап көрдік. Нәтижесінде жүктілікке қол жеткізді. Енді қазір сол туған қыздың өзі табиғи жолмен ана атанғанына қуаныштымыз", – деді жоғары санатты репродуктолог-дәрігер, репродуктивті медицина институтының медициналық директорының орынбасары Людмила Баделбаева.

Қазіргі таңда әлем бойынша ЭКҰ арқылы 6,5 миллион бала өмірге келген.

Айта кетсек, алғаш рет Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен 1996 жылы Алматы қаласында қыз бала дүниеге келді. Ал әлем бойынша алғаш рет бұл тәсілмен 1978 жылы АҚШ-та Луиза Браун атты қыз бала дүниеге келген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер