Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Эквадор президенті халықтың көтерілуіне түрткі болған жарлықтың күшін жойды

Халыққа үндеу жасаған Морено елдегі көлік қатынасы, экономикалық қызметтер мен мектептер қалыпты жұмысқа көшкенін жеткізді.

Сурет : Хабар 2416 Қазан 2019, 11:44

Эквадор президенті экономикалық реформа аясында қатаң үнемдеу режиміне көшу туралы Жарлыққа қол қойып, салдарынан халық көтеріліп кетті. Енді Морено елде жаппай тәртіпсіздіктің көзі жою үшін өзі қол қойған Жарлықтың күшін жоюға мәжбүр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Халыққа үндеу жасаған Морено елдегі көлік қатынасы, экономикалық қызметтер мен мектептер қалыпты жұмысқа көшкенін жеткізді.

Айта кетсек, елдегі жаппай ереуіл 3 қазанда басталған болатын. Сол уақыттан бері 8 адам қаза тауып, 1200-ге жуық азамат қамауға алынды. Наразы жұрттың көшеге шығуына жанармайға берілетін мемлекеттік субсидияның алынып тасталуы мен экономикалық реформалар себеп болған еді. Ереуілшілер жолдарды жауып, көптеген кәсіпорын мен әуежай жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты мемлекет басшысы Ленин Морено төтенше жағдай жариялап, өз резиденциясын Китодан Гуаякильге ауыстырған болатын. Ал жексенбіде билік мен оппозиция өкілдері өңірдегі ереуілді дереу тоқтатуға келісті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер