Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Чехия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық нығаяды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 17:57 Ж.Құспанов
Радек Вондрачек Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстың деңгейін жоғары бағалады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Парламенті депутаттар Палатасының Спикері Радек Вондрачек екі елдің парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Чехия Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатынын айтқан Нұрлан Нығматулин Қазақстан басшылығы Чехия елімен қарым-қатынасты тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға денсаулық сақтау, машина жасау, агроөнеркәсіптік технологиялар, «жасыл» энергетика сияқты әлеуетті салалардың маңызы зор.

Екіжақты қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық ынтымақтастық туралы айтқан Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентшілердің чех әріптестерімен диалогты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Мәжіліс Төрағасы тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтарының бірлескен жұмысы заңнамалық тәжірибе алмасуға, ең алдымен әлеуметтік саясат және білім, сондай-ақ экономиканың инновациялық дамуы мен цифрландырылуына мүмкіндік беретініне тоқталды.

Өз кезегінде Радек Вондрачек Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстың деңгейін жоғары бағалады.

Нұрлан Нығматулин Чехия Парламенті депутаттар Палатасы Спикерінің сапары ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы өзінің әріптесін 28 қазанда Чехияда атап өтілетін Мемлекеттілік күнімен құттықтап, достас елдің гүлденуі мен өркендеуіне тілектестік білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: