Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бензиннің 1 литрі 200-220 теңгеге барады деп болжауға болады - сарапшы

Біз солай істеуге мәжбүр боламыз. Бұл - бағаны көрші елдегі бағамен кезең-кезеңімен теңестіру.

Сурет : Inbusiness.kz17 Қазан 2019, 16:51

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев Үкіметтің бензин акциздері құнын екі есеге арттыруы нені білдіретін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін 2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап автомобиль жанармайы акцизінің құны жоғарылайтыны белгілі болды, сәйкесінше бір литр бензин акцизіне салынатын салық 10 теңгеге өседі.

"Бензин бағасының төмен болуы компаниялардың мұнайды экспорттап, табыс табуына мүдделі қылып, соған итермелейді. Бизнес әрдайым пайда табуды көздейді, егер пайда жоқ болса, онда бұл процеске кірісудің мағынасы жоқ. Мемлекет жанаржағармай бағасын реттемегенімен, іс жүзінде зауыт қызметтерінің бағасын реттеу немесе экспорт көлемін шектеу арқылы оған белсенді араласып отырады. Бензин шынымен де бізде тым арзан, егер 2018 жылы бензин құны шамамен 185 теңге болады деп жазған болсам, қазір 1 литрі 200-210 теңге деп айтуға болады.

Бұл шамамен 55 цент, бұл кез келген ел үшін белгілі бір орташа баға, ал Ресейде бүгінде бензин 290 теңге тұрады, оған ренжіп жатқан ешкім жоқ. Еуропада да солай. Онда акциздер 2,5 евро, басқа отын түрлерінікі - 1,7 . Сол кездің өзінде Ресеймен бірге бір литр бензиннің бағасын 70 центтен жоғарғы ұстау үшін ұмтылатынымыз белгілі болған. Ол кезде 1 доллардың құну 120 теңге еді", - дейді ол.

Шынында да Қанат Бозымбаев өз әріптесі Даленов екеуі БАҚ-қа берген түсініктемесінде арзан бензин тұтынушыға ыңғайлы екенін, бірақ уақыт өте келе Қазақстанда жанар-жағар май бағасы Ресейдегідей болатынын баса айтқан.

- Біз солай істеуге мәжбүр боламыз. Бұл - бағаны көрші елдегі бағамен кезең-кезеңімен теңестіру, - деп сөзін түйіндейді Кривошеев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер