Жаңалықтар тізбегі
0

3 миллион қазақстандықтың сүйегі қақсайды - сарапшы

brjunetka.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 23:42 brjunetka.ru
Әрбір адамның рационында макро және микро элементтерге, лакто және бифидобактерияларға толы сүт пен "тірі ашымал сүт" өнімдері болуы тиіс

Алматыда Бүкіләлемдік остеопорозбен күресу күніне орай баспасөз конференциясы өтті. Тағамтану мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары остеопороз дертінің таралуы көрсеткіштерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Остеопороз – сүйек қаңқасының әлсіреуі салдарынан сүйек сынғыштығына әкелетін созылмалы жүйелі ауру. Халықаралық остеопороз қорының мәліметі бойынша, әр 3 секунд сайын әлемде остеопороз салдарынан сүйек сынады. Ал 50 жастан кейін әрбір екінші әйел және әрбір бесінші ер адам зардап шегіп, өмірінің соңына дейін сүйек сынуы диагнозымен өмір сүреді.

Ең қауіптісі бұл дерт жамбас мойынының сынуына әкеледі және адам қазаға ұшырауы мүмкін. Жамбас мойыны сынуының салдарынан болатын өлімнің жалпы әлемдік көрсеткіші (20%) бірқатар елдерде өсіп келеді.

"3 миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді. Остеопороз індетінің өсімі 2012 жылдан бері 8 есе өсті. Бұл өсім адамдардың қазіргі заманда тамақтану рационының өзгеруіне байланысты. Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі әртүрлі жаста 400 бен 1300 грамм арасында болғанымен, қазақстандықтар арасында құрамында кальций бар, әсіресе сүтті және ашыған сүт өнімдерін пайдаланбау кеңінен таралған. Балалар арасындағы тәуліктік тұтыну үлесі 25-30 процентті құрайды", - дейді ҚР Дәрігерлер қауымдастығының төрайымы Гүлжан Ғабдуллина.

Ғалымдар бала кезден басталатын теңдестірілген тамақтану рационының болмауы остеопороз дамуының басты себебі деп атайды. Сарапшылар остеопороздың алдын алу мақсатында балалар мен үлкендерге арналған дұрыс тамақтану бойынша өз кеңестерімен бөлісті.

"Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша әлемдегі өлімнің 60 проценті және дерттердің 80 проценті дұрыс тамақтанбауға байланысты. Кальцийдің алмасуы мен сіңуі ағзаның ақуыз бен А дәруменімен қамтамасыз етілуіне байланысты. Өкінішке орай, біз ҚР тұрғындарының тамақтану әдебінің бұзылуын байқап келеміз. Салдарынан денсаулық нашарлайды. Әрбір адамның рационында макро және микро элементтерге, лакто және бифидобактерияларға толы сүт пен "тірі ашымал сүт" өнімдері болуы тиіс", - деді Қазақ тағамтану академиясы мен Ұлттық салауатты тағамтану орталығының президенті Төрегелді Шарманов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: