Жаңбыр жауып, күн суытады - сенбі-жексенбінің ауа-райы
pexels.com
Жауын-шашын және температураның әрі қарай төмендеуі күтілуде.
19-21 қазанға арналған болжам.
Өткен бірнеше тәуліктерде циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, олармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына өз әсерін тигізді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Осыған байланысты алдағы демалыс күндері әліде соған ұқсас синоптикалық жағдайлар күтіліп, республиканың басым облыстарында жауын-шашын, солтүстік бөлігінің кей жерлерінде көктайғақ және тұман күтіледі.
Солтүстік теңіз аймағынан кіруін жалғастырып жатқан суық ауа массалары, әрі қарай ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, сонымен орташа көпжылдық температурадан 3…5°С төмен болып күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript