Жаңалықтар тізбегі
0

БЖЗҚ телеграм-ботының жаңа мүмкіндіктері

taldykorgan-online.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 16:00 taldykorgan-online.kz
Таяуда Телеграм-ботта жаңа – оператормен байланысқа шығу қызметі іске қосылды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) заман талаптарына сәйкес өз салымшыларына ыңғайлы болуы үшін танымал мессенджерлерге әр түрлі қызметтер енгізіп жатыр.

Мысалы, бір жылдан бері БЖЗҚ-ның танымал Telegram мессенджеріне арналған арнайы боты жұмыс істеп келеді. Ол бірқатар қызметтерді қамтиды. Олардың ішінде бастапқы кеңес беру қызметі бар. Сәйкесінше үйден шықпай-ақ, смартфон арқылы кішігірім үзінді көшірме алуға, Жеке кабинеттің паролін қайта қалпына келтіруге, БЖЗҚ-ның маңызды жаңалықтары және ағымдағы көрсеткіштерімен танысуға, сондай-ақ Қордың жақын маңдағы бөлімшесін іздеп табуға болады. Бұдан басқа ағымдағы валюта бағамын білуге, жол қозғалысы ережесіне қатысты айыппұлдың бар-жоғын тексеруге және басқа да қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.

Телеграм-бот арқылы үзінді көшірме алу үшін зейнетақы шотынан ақпарат алудың интернет-байланысы тәсілін таңдау керек. Бұл үшін Қордың кез келген бөлімшесіне барып, қосымша келісімге қол қойып, пароль ала аласыз. Еске саламыз, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ сайтының Жеке кабинетінде хабарлау тәсілін өзгертуге болады.

Таяуда Телеграм-ботта жаңа – оператормен байланысқа шығу қызметі іске қосылды. Енді роботтан алған алғашқы кеңеске көңіліңіз толмаса, сауалыңыз автоматты түрде кеңесшіге жолданады.

Бүгінде БЖЗҚ-ның мессенджер-арналарын күн сайын 10 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл Қордың электрондық қызметтерінің танымал екендігін көрсетеді. Салымшылар өтініш берудің осындай форматтарын жиі пайдалануда. Мұның өзі БЖЗҚ боттарының ыңғайлы әрі көп атқарымды екендігін білдіреді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: