Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар үйлері Балаларды қолдау орталықтарына айналады

mamamoldova.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 18:28 mamamoldova.com
Балалар үйлерінің саны 140-тан 107 бірлікке дейін қысқарды.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің ерекше бақылауында. Республиканың 6 млн баласының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып жатқандығын атап өту керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Үкімет сағатында мәлімдеді. Ведомство басшысы әлеуметтік жетімдікті төмендету бойынша жұмыс жандандырылғанын және балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 31%-ға азайғанын атап өтті.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, білім алушылардың жекелеген санаттарының 96,9%-ы мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушылардың 99,7%-ы үшін білім алуға қол жеткізу құқығын іске асыру мақсатында оларды тасымалдау қызметі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда балалар үйлерінің саны 140-тан 107 бірлікке дейін қысқарды. Сондай-ақ, оларды Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына өзгерту жүріп жатыр. Балаларды отбасына беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылдан бастап жетім балалардың республикалық деректер банкі жұмыс істейді.

Сонымен қатар, балалардың өмірі үшін жайлы және мейірімді орта жасауға байланысты проблемалардың шешімін табу керек. Осыған байланысты, ҚР БҒМ 2020 жылға қарай балабақшалар мен мектептерді бейнебақылау камераларымен 100%-дық жабдықтау; жекелеген мемлекеттік функцияларды коммерциялық емес ұйымдар мен ҮЕҰ беру; Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мамандардың штат санын ұлғайту және баланың әл-ауқаты индексін енгізу сияқты шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: