12 секунд қалғанда: қазақ баласы атақты қарсыласын нокаутқа түсірді

видеодан кадр видеодан кадр
Үшінші раунд аяқталуға 12 секунд қалғанда Жасұланның аяқпен айналып тепкен соққысы армениялықтың басына дәл тиді.

Грек-рим күресінен Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Мигран Арутюнян қазақ спортшысы Жасұлан Әкімжаннан ұтылып қалды. Бұл екеуі аралас жекпе-жектен Сочиде өткен GFC 19: Krepost Selection 6 турнирінде кездескен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші раунд аяқталуға 12 секунд қалғанда Жасұланның аяқпен айналып тепкен соққысы армениялықтың басына дәл тиіп, төреші нокаут деді.

Әкімжан осылайша аралас жекпе-жектегі бесінші кездесуін өткізді. Оның рекорды әзірге (4-1).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз