Жаңалықтар тізбегі
0

Израйлдық инвесторлар Түркістан облысының ауыл саласын дамытуға елеулі үлес қоспақ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:38 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шетелдік инвесторлар бұл салада өз үлестерін қосатындығын, әріптестік танытуға дайын екендігін жеткізді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен израйлдық инвесторлармен және «BS-Agro Produst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арасында тәлім егістікте суды қажет етпейтін бақша дақылын егу мәселесі бойынша кездесу өтті.

Аймақ басшысы қазақстандық «BS-Agro Produst» компания басшылары мен құрылтайшылары және Израиль елінен келген инвесторлар мен ауыл шарушылығы саласының майталмандарымен өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту және әріптестік таныту жайын талқылады. Облыс басшысы суды қажет етпейтін бақша дақылын егуді Ордабасы ауданы, Тоқсансай ауылында жүзеге асыру тиімді де қолайлы екендігін атап өтті.

Шетелдік инвесторлар бұл салада өз үлестерін қосатындығын, әріптестік танытуға дайын екендігін жеткізді. Бүгінде «BS-Agro Produst» ЖШС-гі 130 гектар жерге жаңа технологиямен суғарусыз әдісі арқылы қарбыз егумен айналысуда.

Қарқынды жобасын 2020 жылы қосымша 700 гектар жерде іске асыруды көздеп отыр. Шаруа қожалығы сонымен қатар қарбыз, гүл, жүгері, ноқат егумен айналысады. Кәсіпорын 2013 жылдың қараша айында іске қосылған. Биыл олар 130 гектар жерге қарбыз егіп, жалпы көлемі 40 тонна қарбыз дәнін жинап алуды жоспарланып отыр.

Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:38, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:38, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:38, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:38

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: