Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Кәмелетке толмаған жамбылдық қызды зорлаған күдікті Алматыға қашыпты

Күдікті 36 жаста екен.

Сурет : Жамбыл облысы Полиция департаменті22 Қазан 2019, 08:52

Жамбылдық полицейлер жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев facebook парақшасында жазды.

"21 қазанда сағат 17.00- шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 36 жастағы күдіктіні ұстады", - дейді департамент басшысы.

Күдікті тергеу жүргізу мақсатында Тараз қаласына жеткізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін, 17 қазан күні Тараз қаласының ІІД жедел басқару орталығына Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған, сондай-ақ "Томсон" маркалы теледидарды ұрлау фактісі туралы хабарлаған болатын.

Қазір аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер