Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Асқар Мырзахметовпен өткен жиында спорт мәселелері талқыланды

Бұқаралық спортты дамыту – үлкен жеңістердің бастауы.

Сурет : пресс-служба22 Қазан 2019, 10:10

Жамбыл облысында бұқаралық спорт дамып келеді. Халыққа қолжетімді спорт нысандарының да саны артып отыр. Ендігі міндет үлкен спорттағы жетістіктерді еселеу. Нақты атқарылатын жұмыстарға жүйелі жоспар құрып, тыңғылықты зерделеу жүргізу керек. Осыған орай аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бүгін спорт басқармасының басшысын қабылдады.

Сала басшысы үстіміздегі жылдың тоғыз айында атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Қазіргі таңда Жамбыл облысында 340 мыңға жуық адам тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысады.

Спортты жанына серік еткен жұрттың санын өткен жылмен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Ал, аймақ бойынша спорт нысандарының жалпы саны 2437 –ні құрап отыр. Олардың 1297-сі шағын спорт алаңшалары. Осы алаңшалардың 112 –сі үстіміздегі жылы жаңадан пайдалануға беріліп отыр. Осы ретте облыс әкімі спорт алаңшаларының санын халықтың орналасуына қарай зерделеп, аудан орталықтары мен Тараз қаласында көптеп салуды тапсырды. Сондай-ақ, үлкен спорттағы жетістіктер де жоқ емес. Облыс спортшылары әлемдік ареналар мен республикалық додаларда үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Мәселен, биылғы жылы 1320 медальді қанжыға ға байлады. Оның 421 –і алтын. Демек 421 жеңімпаз. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы арттыру көзделуде. Спорт нысандарының көпшілікке қолжетімділігі. Ауыл аймақта спортты дамыту. Аула ойындарын жандандыру. Спорт жетістіктерін насихаттау. Міне осы бағыттағы жұмыстарды алға бастыру үшін өңір басшысы сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс тұрғындарыны дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қоғамдық кеңістіктерде, аулалар мен саябақтарда 2019 – 2020 жылдар аралығында облыс көлемінде 266 спорт алаңшасын салу көзделген. Оның ішінде 2019 жылға 174 алаңша, 2020 жылға 92 алаңша.

Бүгінгі күнге 112 спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Оның ішінде: шағын футбол алаңшасы – 28, әмбебап алаңшасы – 10, Street Workout – 64, басқа алаңшалар – 10.

Сонымен қатар қолданыстағы алаңшалар мен басқа да спорт нысандарын қалпына келтіру бойынша облыс көлемінде орналасқан спорт нысандарына зерделеу жүргізіліп, ақаулары бар, қалпына келтіруді қажет ететін 203 спорт нысаны анықталып, бүгінгі күнге 179 спорт нысаны жөнделді. Ал, 21 спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер