Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Масқара! Елімізде 277 сәбидің өлімі жасырылғаны белгілі болды

Министрліктің саясаты - кез-келген фактіні жасыру емес, керісінше дұрыс статистикалық ақпаратты көрсету, содан кейін оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау - Бұйрабекова.

Сурет : kaluganews.ru22 Қазан 2019, 11:44

ҚР Парламенті Сенаты күнтәртібінде Атыраудағы перинетальдық орталықтағы масқара жағдай қаралып, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов есеп берді. Министр сенаторларға өткен жылы да жаңа туған бала өлімін жасырған фактілер анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Біз Атырау облысында туған нәрестелердің медициналық картасын сүзіп, барлық мәліметті тексерген соң бүкіл елде жаппай аудит жүргіздік. Соның нәтижесінде Маңғыстау облысында алдымен тірі болып, артынан көз жұмған нәрестені қоспағанда, 277 жаңа туған бала өлімін жасыру фактісі анықталды. Айта кетейік, Маңғыстаудағы оқиға бұл - Қазақстанда тіркелген жалғыз әрі бірегей жағдай. Осыған байланысты 2018 жылы жаңа туған балалардың өлім-жітімі статистикасына түзетулер енгізілді, 1000 жағдайда 8,03 сәби өлі туылады дегендегі соңғы цифр 8,7-ге өзгертілді, - деп түсіндірді министр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бұйрабекова 2018 жылы өлі туған балалардың жағдайына талдау жүргізілгенін айтты.

- 2018 жылы өлі туылу жағдайына талдау жүргізілді. Барлық сақталған деректер, әйнекте сақталған материалдар көтеріліп, қайта тексерілді: бала тыныс алған ба, тыныс алмаған ба, өкпесіне ауа барды ма, сондай критерилерге дейін қарадық. Мысалы, біз туылғанда бала тірі болып, содан соң қайтыс болған жағдайларды анықтадық. Ол тірі туылған, бірақ статистикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін оны өлі туылған деп тіркеген. Біз 2018 жылдың аудиті нәтижесінде осындай 277 жағдайды анықтадық. Бұл - бүкіл Қазақстан бойынша көрсеткіш, - деді ол.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында орын алған жағдай да сөз болды.

- Маңғыстау облысында қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, олар әйнекті жойып жіберген. Әйнектегі материал сақталмаған. Бұл, әрине заңбұзушылық, бірақ ол ешқандай қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікпен қудаланбайды, - деді Бұйрабекова.

Жалпы алғанда, оның айтуынша, сәбилердің өлім-жітім көрсеткіштері қазір түзетілуде, өйткені жарияланып қойған 2018 жылғы статистикаға өзгерістер енгізу керек.

"Көрсеткіш өзгерген кезде ол туралы ресми мәлімдеме жасауға болады", - деді Комитет басшысы.

Сондай-ақ, ол нәрестелер арасындағы өлім-жітімді неге жасырады деген сұраққа түсінік берді.

- Бұл көрсеткіштер әкімдер мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы меморандумдарда болады. Жалпылай алғанда, ол цифр елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, біздің әлемдік рейтингтегі орнымыз нашарлайды. Ол арада нәресте өлімі, одан соң тірі туғандар көрсеткіші ескеріледі. Министрліктің саясаты - кез-келген фактіні жасыру емес, керісінше дұрыс статистикалық ақпаратты көрсету, содан кейін оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау, - деп атап өтті Бұйрабекова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер