Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі журналист АШМ-нің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

АШМ Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 18:14 АШМ Баспасөз қызметі
Ол бұған дейін "QazAvtoJol" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс атқарды.

Белгілі журналист, тележүргізуші Жанжігіт Омарxан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжігіт Абзалбекұлы журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының бакалавры, журналистика мамандығы бойынша Әлеуметтік ғылымдар магистрі.

БАҚ саласында еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасы бағдарламалар қызметінің тілшісі ретінде бастаған.

2010-2011 ж.ж. "Астана" телеарнасындағы "Қайырлы таң", "Қауіпсіз жол" бағдарламаларының тележүргізушісі;

2011-2015 ж.ж. "Qazaqstan" ұлттық арнасында "Иман айнасы" бағдарламасының жүргізушісі;

2015-2016 ж.ж. "Еуразия бірінші" телеарнасының "Ашығын айтқанда" ток-шоуының жүргізушісі;

2016-2018 жылдары "Астана" телеарнасындағы "Өзекті" тележобасының авторы және жүргізушісі;

2018-2019 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін "QazAvtoJol" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: