"Қорғас ісімен" сотталған Артықбаев пен Жақаев түрмеден шықты

ua.news, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 22:52 ua.news
Шығыс Қазақстан облыстық сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Елдос Жұмақсанов Артықбаев пен Жақаевқа Президенттің 30 қыркүйектегі Жарлығымен рақымшылық жасалғанын айтты.

Атышулы Қорғас ісіне қатысты басты тұлғалар - ҚР ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Талғат Жақаев пен Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаевтың өтелмеген жазасының бөлігі айыппұлға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2011 жылы сәуірде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері Алматы облысының кеден бекеттерінде арнайы операция өткізіп, Қорғас, Қалжат, Алатау арнайы кеден бекеттеріндегі құжаттар, сонымен қатар бүкіл мұрағат тәркіленген. Кейін қаржы полициясы 100-ден аса адамнан тұратын осы аймақтың кеден бекеттерінде емін-еркін әрекет еткен ұйыдасқан қылмыстық топтың құрықталғанын хабарлады.

2014 жылы Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталып, қатаң режимдегі колонияға тоғытылды. ҚР ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкері Талғат Жақаев болса, 17 жылға сотталды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Елдос Жұмақсанов Артықбаев пен Жақаевқа Президенттің 30 қыркүйектегі Жарлығымен рақымшылық жасалғанын айтты.

Рақымшылық жасалған адамдардың өтелмеген жаза мерзімі ескеріліп, ҚР Әкімшілік-процессуальдық кодекстің талаптарына сәйкес, ол айыппұлға алмастырылды. Әр өтелмеген күніне олар 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

- Жақаевтың өтелмеген мерзімі 8 жылдан асады, оған 2 миллион 4 мың теңге айыппұл салынды. Артықбаевтың өтелмеген мерзімі 5 жыл 7 ай 8 күн, яғни айыппұл көлемі - 1 миллион 289 мың теңге, - деді Елдос Жұмақсанов.

Сот шешімін Семей қаласының №2 соты шығарған.

Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" кеден бекетіндегі ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері Талғат Қайырбаев 16 жылға, Бақыт Отарбаев 13 жылға сотталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Бақытбек Құрманалиевты сот 16 жылға бас бостандығынан айырды. ҚР ҰҚК-нің тағы бір аға офицері Ирлан Абдрахманов 17 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

"Қорғас" бекетінің бұрынғы бастығы Бақытжан Айдаров 5,5 жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпыға бірдей колонияда өтеуде. Қорғас ісі бойынша 45 адам сотталды. Сотталушыларға кеден заңнамасын бұзу кезінде қызметтік жағдайын теріс пайдалану, тауарларды нақты кедендік ресімдеусіз тауарларды еркін айналымға шығару, ілеспе құжаттарға сәйкес Қытайдан Қазақстанға тасымалданатын тауарлардың жылдам және кедергісіз транзиттік кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету бойынша айып тағылды.

Сонымен бірге олар сыртқы экономикалық қызметтің бақыланбайтын қатысушыларына қатысты негізсіз іздеу және басқа да заңсыз әрекеттерді жасады деген қосымша айып тағылған. Мұның бәрі кәсіпкерлердің Қытайдан тауарлар әкелуде ұйымдасқан қылмыстық топтың көмегіне жүгінуі үшін жасалған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: