Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ержан Жиенбаев ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ол ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Әлия Рақышеваның орнына келді.

Сурет : Баспасөз қызметі23 Қазан 2019, 16:54

Ержан Жиенбаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын" делінген Президент Жарлығында.

Ол ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Әлия Рақышеваның орнына келді.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс істеді.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Заң шығару, қорғаныс және құқық қолдану бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылдың шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары (07.2019 ж. бастап)


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер