Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда онлайн кассалық бақылау аппараттарына көшу үрдісі бизнеспен бірге жүзеге асырылады

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 00:39 -
Мемлекеттік кірістер комитеті мен бизнес өкілдері онлайн-КБМ-ді енгізу жұмыстарын бірлесе жүзеге асырмақ.

22 қазан күні ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде онлайн кассалық-бақылау машинасына толықтай көшу жұмыстарына арналған жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған басқосуға ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, жергілікті техникалық қызмет көрсету орталықтары, онлайн-КБМ жасаушылар мен онлайн-КБМ енгізу бойынша жауапты жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Басқосуда онлайн кассалық-бақылау машинасына көшу жұмыстарының бүгінгі ахуалы мен тиімді тұстары талқыланып, өңірлердегі жүзеге асу көрсеткіштері сөз болды.

- Біздің алдымыздағы мақсат – онлайн-КБМ-ге сапалы әрі жылдам көшуді қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы салықтан босатуға байланысты тапсырма берген болатын. Дегенмен, бізге қойылған тапсырма әлі де өз күшінде. Белгілі бір деңгейде бұл босаңсуға әкелмеуі керек. Сол себепті техникалық шешімдер орындалу үшін дұрыс талап қойып, бақылауда ұстауымыз қажет, – деп атап өтті ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Оның сөзінше, салық бойынша жеңілдік алғысы келетін азаматтарға тиісті көмектер жасалады.

- Біз салық төлеушілер үшін барлық процестің ашық болғанын қалаймыз. Оларға жеңілдіктер жасалады. Мемлекеттік кірістер комитеті негізгі тапсырманың әлі де өзекті екенін түсінуі қажет. Керісінше, бұл жұмысты барынша үдетіп, нақты нәтиже көрсету қажет. Мұның барлығы қадағаланады. Біз бәрін бірге ашық істеуіміз керек, – деді Р. Еңсебаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 00:39

Ал ҚР ҚМ МКК Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Заңғар Шындалидың сөзінше, онлайн-КБМ-ді енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді.

- Онлайн-КБМ-ді 2015 жылдың ортасынан бастап енгізіп келеміз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 490 338 онлайн КБМ орнатылды, яғни бұл көрсеткіш 93 пайызды құрайды. Айта кету керек, онлайн-КБМ-нің тиімді тұстары көп. Мәселен, тұтынушылар берілген тауардың заңды немесе заңсыз екендігін онлайн түрде тегін көре алады. Сонымен қатар салық төлеушілер жеке кабинет арқылы өз табысын біле алады. Тағы да айта кететін жайт, біз мемлекеттік орган ретінде тіркеу процедурасын жеңілдеттік. Сол себепті бұдан былай салық органдарына келудің қажеті жоқ, өйткені барлығын интернет арқылы жасауға болады, – дейді З.Шындали.

Оның айтуынша, онлайн-КБМ-ді енгізуді қоғам белсенділері, онлайн-КБМ-ді жасаушылар және техникалық қызмет көрсету орталықтары қолдап отыр. Бұл өз кезегінде ашықтыққа әкеледі. Осыған орай, мобильді қосымшалар мен сайттар, жеке кабинеттер жұмыс істейді.

Жиын қорытындысына сәйкес, онлайн-КБМ енгізуге арналған штаб құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдар мен Атамекен ҰКП мүшелері кіретін болады. Осылайша, олар бүкіл Қазақстан нарығына және сауда орталықтарында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал штабтың ұйымдастырушысы Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірлік филиалдары болмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 00:39

Жоспарға сәйкес, 2019 жылдың 28 қазанында Мемлекеттік кірістер департаментінің өңірлік филиалдарында "Ашық есік күні" жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Онда барлық техникалық қызмет көрсетушілер, КБМ жасаушылар мен өндірушілер ағымдағы кассалық аппарат модельін көрсететін болады. Сондай-ақ онлайн-КБМ-ге толықтай көшуге арналған мұндай жиын алдағы уақытта талқылау түрінде ұйымдастырылып, айына 2 рет өтіп тұрмақ.

Айта кетсек, онлайн-КБМ-ге көшу жұмыстары 2015 жылдың ортасында басталған болатын. Содан бері онлайн-КБМ-ға толықтай көшу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. ҚР Салық кодексіне сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ел аумағындағы барлық қолма-қол қаражат онлайн-КБМ (кассалық бақылау машинасын) қолдану арқылы жүзеге асатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: