Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Заңгер "Жала жабу" туралы баптан қылмыстық жауапкершілікті алып тастауды сұрады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.

Сурет : Ақорда23 Қазан 2019, 22:08

Белгілі заңгер, адвокат Айман Омаровамен Президенттің кездесуінде азаматтардың құқығын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Айман Омарова ҚР Қылмыстық Кодексінің 130-бабының қылмыстық мазмұнын өзгерту және 174-бабына түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айман Омарованың бастамасының маңызды екенін атап өтіп, кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын енгізгенде шетелдік тәжірибені қолдану қажеттігін айтты.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен әңгімелесу барысында сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты белсенді тарта отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жайындағы ұсыныстар қаралды.

Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының "оралман" сөзінен бас тартып, оны "қандастар" деп өзгерту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер