Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нұр-Сұлтанда 5G байланысы ұстайтын аумақ пайда болды

Astana Hub аумағында жаңа буындағы 5G желісін іске қосылды.

Сурет : vesti.ru24 Қазан 2019, 15:47

Қазақстанда бірінші болып 5G коммерциялық желісі Нұр-Сұлтанда іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін Astana Hub аумағында біз жаңа буындағы 5G желісін іске қосамыз. Ұялы байланыс желісіне жаңа стандартқа сәйкес жаңа жиілік диапазонында арнайы радио модульдермен қол жеткізуге болады", – деді елордада өтіп жатқан халықаралық технологиялық форумда "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Ол бұл үшін Astana Hub аумағы не үшін таңдалғанын түсіндірді.

"5G технологиясының болашақ цифрлық экономикаға бейімделуге тиіс бірегей мүмкіндіктері бар. Мұндай дағдысы бар жігіттер IT саласы мен электронды коммерция, қаржылық қызмет көрсету сияқты экономиканың жаңа салаларын еңсере алар деген сенімдеміз. Егер сіздің телефоныңыз 5G-ді ұстайтын болса, оны Astana Hub аумағында пайдалануға болады", – деді спикер.

Өз кезегінде "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бас директоры Роман Володин 5G коммерциялық желісі Altel және Қазақтелеком инфрақұрылымының негізінде іске қосылғанын айтып өтті.

"Технологияның өзі 5G желісі 4G желісімен біріктірілген түрде жұмыс істейді. Ал іс жүзінде пайдаланушылар оларға тиісті қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ететін технологиялар арасында ауыса алады. Дәл осы интеграция секундына 1,5 Гб жылдамдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл – шын мәнінде өте жоғары жылдамдық", – деді Роман Володин.

Ол сонымен қатар қазіргі уақытта Алматы мен Шымкент қалаларына 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер